Мектеп тарихы

Мектеп тарихы
 
      1970 жылғы 9 қараша күні № 7 орта мектебінде  оқушыларға арналған алғашқы салтанатты жиын өткізілді. Жаңа мектеп № 2 және № 4 мектептерінен келген окушыларға есігін ашты.
      
       Салтанатты жиынды № 7 орта мектебінің ең алғашкы директоры Какамбетов Оразгалы  Юсупович пен директор орынбасарлары Валиулина Людмила Николаевна,  Лунёва Раиса Аркадьевна ашты.
 
      Жиынға сол кездегі мектеп бастығы, металл конструкциясы заводының директоры
Кальян Владимир Николаевич қатысты.
 
      Сол оқу жылында мектепке жас маман химия мұғалімі Омарханова Елизавета Абишевна жұмысқа орналасқан болатын. Дәл сол жас маман естелік лентаны қию кұрметіне ие болды.
 
      Мектепте дәл сол уақытта 53 мұғалім қызмет атқарып, 1236 оқушы білім алып жатты.
 
      Осынша жылдар аралығында мектепте 9 директор ауысты:
Какамбетов Оразгалы Юсупович  1970 - 1971  жыл;
Лазарев Александр Иванович  1971 - 1973  жыл;
Пастушенко Николай Моисеевич  1973 - 1982  жыл;
Плешаков Еким Матвеевич  1982 - 1984  жыл;
Шек Иван Кондратьевич 1984 - 1990  жыл;
Никитина Фаина Васильевна 1990 - 2005  жыл;
Жедоуова Нурикамал Кабиевна  2005 - 2008  жыл;
Баисова Гульсум Назымбековна  2008 - 2017  жыл;
Букушев Асылбек Бейсенбаевич 2017 - 2019 жыл;
Жедоуова Нурикамал Кабиевна 2019 жылдан бастап  - қазіргі уақытқа дейін.